Билл Клинтон БҰҰ-ның Гаитидегі өкілі болып тағайындалды

None
ВАШИНГТОН. Мамырдың 19-ы. ҚазАқпарат - АҚШ-тың бұрынғы президенті Билл Клинтон Біріккен Ұлттар Ұйымының Гаитидегі арнайы өкілі болып тағайындалады,
деп хабарлайды ҚазАқпарат РБК агенттігіне сілтеме жасап. Саясаткердің өкілдерінің хабарлауынша, ресми мәлімдемені БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мун жақын арада жасайды. Клинтон Гаитидің кедей халқының арасында өте жақсы танымал, себебі өзінің президенттігі кезінде ол осы елдегі диктаторлық режімді жоюға көмектескен болатын.