Суретті Твиттерге Клинтонның баспасөз хатшысы орналастырып, «Техаста бара-бара үлкейіп барады», деп жазған. Қоладан жасалған үлкен және кіші Буштар суретте Клинтоннан бір жарым есеге дерлік биік.
АҚШ-тың 42-президенті болса, баспасөз хатшысының бұл жазбасымен өз парақшасында бөлісіп, «тым әсіре сілтемеуді» өтінді.
Интернет-пайдаланушылар керісінше, саясаткердің әзілқойлығына риза болуда.