Ажырасуға ниет білдірген - Хиллари Клинтон. Ол 20 жыл бұрын күйеуінің Моника Левинскимен байланысы туралы сөз туғанда табандылық танытқан. Алайда енді ол Мониканың кітабындағы ашық әңгімелерге төзе алмайды. Сондықтан Хиллари ажырасуға ниетті екенін күйеуіне айтқан. Бұл Билл Клинтон үшін $120 млн. көлемінде шығын әкелмек.
Қауесеттерге қарағанда, жұп ажырасу істерімен айналысатын тәжірибелі заңгерді де тауып үлгерген. Ол сотқа тапсыратын құжаттарды рәсімдейді. Айта кетейік, әлемге әйгілі бұл отбасылық жұп 38 жыл бірге өмір сүрген. Олардың Челси атты қыздары бар.