Билл Клинтон тележүргізуші болуы мүмкін

АСТАНА. 27 қаңтар. ҚазАқпарат - АҚШ-тың бұрынғы президенті Билл Клинтон тележүргізуші болуы мүмкін. Осындай жұмысты оған Fox News американдық телеарнасы ұсынып отыр.

Бұл туралы жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасаған Утро.ру хабарлап отыр.

Компания басшылығы Б.Клинтонның қоғамдық-саяси телебағдарламаны жүргізетініне сенім артуда. Бұл ұсынысқа бұрынғы президент нақты жауап берген жоқ. «Клинтон ойланып жатыр», - деп хабарлады Fox News телеарнасындағылар.