Billboard-тың тоқтамы бойынша Джастин Бибер жыл әншісі атанды

АСТАНА. 20 мамыр. ҚазАқпарат - Billboard журналының тоқтамы бойынша «жыл әншісі» атағын канадалық поп-әнші Джастин Бибер еншіледі.

Бұл туралы Лас-Вегаста жексенбі күні кешқұрым өткен марапаттарды тапсыру рәсімінде мәлім болды. Бұл аталымда жасөспірімдердің сүйікті әншісімен қатар Дрэйк, Flo Rida және Бруно Марс бақтарын сынаған.

Billboard-тың 200 әндер тізімінде Тейлор Свифттің «Red» жинағы көш бастап тұр. 2013 жылдың қаңтарындағы мәліметтерге сүйенсек, ол әлем бойынша 5,4 миллион данамен таратылған. Америкалық кантри-әншінің 4-ші ән жинағы 2012 жылдың 22 қазан айында шықты. Жинақта 16 ән бар, оның ішінде британдық орындаушы Эд Ширанмен жазылған трек қамтылған. Billboard-тың тоқтамы бойынша Ники Минаж үздік рок орындаушысы атанып отыр.