– Комитет пен аумақтық департаменттерге 2023–2025 жылдар аралығында:
2023 жылы 50 866, оның ішінде 42 019-ы уәкілетті органда қаралды;
2024 жылы 62 561, оның ішінде 51 771-і уәкілетті органда қаралды;
2025 жылы алғашқы 4 айда 20 285, оның ішінде 15 868-і уәкілетті органда қаралды.
Шағымдарды талдау нәтижесінде кәсіпкерлер тарапынан тұтынушылардың құқықтарын бұзудың көбейгені, бизнестің сапасыз қызметтер көрсетуі, сондай-ақ тұтыну мәдениетінің өскені байқалады, – дейді комитет мамандары Kazinform тілшісінің ресми сауалына берген жауабында.
Былтыр тұтынушылардың арызы бойынша 151 кәсіпкер 11 млн теңге айыппұл төлеген.
– Комитеттің аумақтық департаменттері тұтынушылардың құқықтарын бұзғаны үшін кәсіпкерлік субъектілерін әкімшілік жауапкершілікке тарту бойынша жұмыс жүргізуде. Осылайша, 2024 жыл қорытындысы бойынша аумақтық департаменттер жоспардан тыс 1 253 тексеру жүргізді. Ал 2023 жылы 558 тексеру жүргізілген. 2024 жылы 151 бизнес субъектісі 10 971 342 теңге айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 2023 жылы 53 кәсіпкер жалпы сомасы 4 692 900 теңге айыппұл төлеген. 1 102 бизнес субъектісіне ескерту түрінде әкімшілік жауапкершілік қолданылды. Ал 2 жыл бұрын 618 субъект болған еді, – дейді жауаптылар.
Министрлік мамандарының айтуынша, 2024 жылы кәсіпкерлер тарапынан көрсетілген сапасыз қызметтердің кесірінен тұтынушыларға келген шығын көлемі алдыңғы жылмен салыстырғанда екі есеге артқан.
– 2024 жылдың қорытындысы бойынша тұтынушыларға 2 067 800 000 теңге қайтарылды, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 193%-ға ұлғаю байқалады. 2023 жылы тұтынушыларға 1 071 400 000 теңге қайтарылған, – дейді Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті.
Айта кетейік, жақында Сенат қаржы қызметтерін тұтынушылардың құқықтарын күшейтуге бағытталған заң жобасына бірқатар түзету енгізіп, оны Мәжіліске қайтарды.