Жоғары оқу орындары мен колледждердің 1 108 оқытушысын оқыту маңызды нәтиже болды, бұл қазіргі заманғы даярлық стандарттарының тұрақты таралымын қамтамасыз етеді.
2025 жылы оқытудың басым бағыттары:
— кеңейтілген практика мейіргерлерін даярлау — 173;
— медициналық ұйымдарды аккредиттеу — 213;
— пациенттерді қолдау және ішкі сараптама қызметтерінің жұмысын ұйымдастыру — 69;
— созылмалы ауруларды басқару бағдарламасын енгізу — 5 өңірде 203 маман;
— заманауи симуляциялық технологияларды қолдану-12 өңірден 553 маман.
Бұл іс-шараларды іске асыру мемлекеттік саясаттың басымдықтарына сәйкес келеді, кадрлық әлеуетті нығайтады, мамандардың тапшылығын азайтады және медициналық көмектің сапасын, әсіресе шалғай өңірлерде арттырады.
Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанда медициналық ұйымдарды ұлттық аккредиттеу қарқыны күшейгенін жазған едік.