Былтыр 9 айда 5,4 млн отандық турист ел ішінде саяхаттады
АСТАНА. KAZINFORM – Өткен жылдың 9 айының қорытындысы бойынша отандық туристер саны артқан. Бұл туралы Туризм және спорт министрі Ержан Маржықпаев мәлім етті.
«Өткен жылдың 9 айының қорытындысы бойынша 5,4 млн отандық азамат ел ішінде саяхат жасады. Бұл 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 550 мың адамға көп. Биыл жыл қорытындысы бойынша ішкі туристер саны 9 млн адамға жетеді деп болжанып отыр», - деді Ермек Маржықпаев ведомствоның кеңейтілген алқа отырысында.
Министрдің айтуынша, шетелдік туристер санының айтарлықтай өсуі байқалады.
«2023 жылдың алғашқы 9 айында бұл көрсеткіш 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,5 есе өсіп, 830 мыңнан аса адамға жетті. Аталған кезеңде қонақ үйлер, демалыс базалары, жатақханалар және басқа да орналастыру орындары 175 млрд теңгеден астам табыс тапты. Бұл алдыңғы жылғы табыс көрсеткішімен салыстырғанда 36%-ға ұлғайған», - дейді ол.