«Еліміздегі негізгі экологиялық проблемалар – ауа және су ресурстарының ластануы мен тасталататын қалдықтар. 2023 жылдың қорытындысы бойынша щығарылған қалдықтар 3,3%-ға (4,06 млн. тонна), төгінділер 8%-ға (2,3 млн тонна) азайды. Кейбір кәсіпорындарда қалдықтарды шығару бойынша төмендеу көрсеткіші байқалады. Атап айтқанда, Норд Каспиан Оперейтинг Компани (Солтүстік Каспий операциялық компаниясы) жылына 36,3 мың тоннадан 23,9 мың тоннаға дейін, АрселорМиттал Теміртау компанисы өткен жылы 250 мың тоннадан 210 мың тоннаға азайтты», - деді Ерлан Нысанбаев Үкімет отырысында.
Одан бөлек, министрдің мәлімдеуінше, «Астана энергиясы» акционерлік қоғамы қалдықтарды 66,17 мың тоннадан 51,5 мың тоннаға азайтса, сонымен қатар Балқаш мыс балқыту зауыты («Kazakhmys Smelting» ЖШС) жылына 14,1 мың тонна немесе 18%-төмендеткен.
Еске салсақ, былтыр қарашада «АрселорМиттал Теміртауға» 1 млн теңге айыппұл салынған еді.