— 2025 жылдың қорытындысы бойынша экономика 6,5 пайызға өсті. Салыстырмалы түрде айтсақ, 2024 жылы жалпы ішкі өнімнің өсімі 5 пайызды құраған еді. Өсімге көлік, құрылыс, тау-кен өнеркәсібі және сауда салалары негіз болды. Бұл ретте инфляциялық қысым сақтала отырып, 12,3% деңгейінде қалыптасты. Орташа айлық жалақы 442 мың теңге деңгейінде қалыптасса, жұмыссыздық деңгейі жыл бойы тұрақты 4,6% құрады. Мемлекеттік борыш белгіленген деңгейде тұр. Жыл қорытындысы бойынша жалпы ішкі өнімнің 22,8 пайызын немесе 36,4 трлн теңгені құрады, — деді М. Такиев.
Сонымен қатар ол Ұлттық қордың активтері 2025 жылдың аяғында 73,8 млрд АҚШ долларына жеткенін, оның ішінде валюталық қордың активтері 63,9 млрд АҚШ долларын құрады.
— Біріншіден, республикалық бюджеттің кірістері, жоспардан 99 пайызға орындалып, 21,4 трлн теңгені құрады. Оның ішінде республикалық бюджеттің меншікті кірістері трансферттерді есептемегенде, 17,5%-ға өсіп, 15,3 трлн теңгеге жетті. Жалпы жоспар 336 млрд теңгеге орындалмады, — деді министр.
Оған келесі бірнеше объективтік факторлар әсер етті:
— мұнайдың орташа бағамының 6 АҚШ долларына төмендеуі — болжамды 75 доллардан 69 долларға дейін түсуі;
— экспорт көлемінің 1,7 млрд АҚШ долларына төмендеуі;
— геосаяси жағдай мен 134 ірі кәсіпорыннан түсетін салық төлемдерінің 709 млрд теңгеге немесе 36% төмендеуі әсер етті.
— Жоспардың толық орындалмауына қарамастан, өткен жылғы оң өзгерістерді атап өткен жөн. Мәселен, республикалық бюджеттің меншікті кірістері 2024 жылмен салыстырғанда 1,8 трлн теңгеге өсіп, өсу қарқыны 113,2% құрады. Салықтық түсімдері 2,2 трлн теңгеге немесе 17,5% өсті, — деді ведомство басшысы.
Бұдан бұрын хабарланғандай, Қаржы министрлігі былтыр бюджет тапшылығы ненің есебінен қаржыландырылғанын түсіндірді.