«2023 жылы министрліктер арасында сыбайлас жемқорлық фактілері бойынша құрыққа жиі іліккен, Ішкі істер министрлігінен 193 тұлға, Төтенше жағдайлар министрлігінен 31 тұлға, Қаржы министрлігінен 25 тұлға, Қорғаныс министрлігінен 17 тұлға», - деді Арман Тілеукенов агенттікте өткен баспасөз мәслихатында.
Оның айтуынша, Антикор сан қуып, статистикаға жұмыс істемейді. Сондай-ақ, агенттіктің ресми өкілі Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпараттың жария етілмейтіндігін еске салды.
«Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі», - деп толықтырды А.Тілеукенов.