«Қаңтар айының қорытындысы бойынша Қазақстан экономикасының өсу қарқыны 3,9% болды. Оның ішінде нақты сектор 3,8%, қызмет көрсету саласы 3,5% өсті. Салалар арасында ең жоғары өсуді құрылыс, көлік және қоймалау, ақпарат және байланыс, сондай-ақ өңдеу өнеркәсібі көрсетті», - деді министр.
Оның сөзінше, инвестициялар ағыны әсіресе білім беру (3,6 есе), қаржы және сақтандыру қызметі (3 есе) көлік және қоймалау (2,1 есе), құрылыс (2 есе), ақпарат және байланыс (20,9%), өңдеу өнеркәсібі (15,8%) салаларында артқан.
Өңірлер арасында ең жоғары өсу Жетісу, Ұлытау, Жамбыл және Алматы облыстарында байқалды.
Алдын ала қорытынды бойынша 2023 жылы сыртқы сауда тауар айналымы 3,2% өсіп, 140 млрд долларға жуықтады. Экспорт 79 млрд долларға жуықтап, оның ішінде өңделген тауарлар экспорты 25 млрд доллардан асты.
«Тауарлар импорты 61 млрд доллардан асты. Жалпы, оң сауда балансы 18 млрд долларға жуық. Өңдеу өнеркәсібінде оң өсу сақталып отыр. Өндіріс көлемі 6,9% өсті. Көрсеткіштің өсуі 14 өңірде тіркелді. Соның ішінде ең жоғары өсуді Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Қызылорда және Абай облыстарында байқалды», - деді Нұрлан Байбазаров.