Бүгінгі таңда азаматтық авиация саласының негізгі көрсеткіштері тұрақты өсімді көрсетіп отыр.
2022 жылдың қорытындысы бойынша әуежайларда 21,1 млн жолаушыға қызмет көрсетілді, бұл 2021 жылмен салыстырғанда (18,2 млн адам) 16%-ға артық.
Өсу қарқыны биыл да сақталып отыр.
Кеңес барысында инфрақұрылымды дамыту, әуежайларға инвестиция тарту мәселелері қаралды.
Жеке инвестициялар есебінен Алматы, Шымкент, Қызылорда қалаларының әуежайларында жаңа жолаушылар терминалдарын салу бойынша ірі жобаларды іске асыру жұмыстары жалғасуда. Құрылыс келесі жылы аяқталады деп жоспарланған.
Басқосуда мемлекеттік органдарға кеңес барысында айтылған мәселелерді кезең-кезеңімен шешу бойынша бірқатар тапсырмалар берілді.