Былтыр Қазақстан шаруалары жеңілдетілген лизингпен 4,3 мың техника алған

Фото: ҚР Үкіметі

АСТАНА. KAZINFORM – Премьер-министр Олжас Бектенов Мәжіліс депутатының сауалына жолдаған жауабында агроөнеркәсіп кешеніндегі техниканы жаңарту шаралары туралы мәлімет ұсынған.

- «ҚазАгроҚаржы» акционерлік қоғамы «Жеңілдетілген лизинг» бағдарламасы арқылы шаруаларды қолдау жұмыстарын жүргізіп отыр. 2024 жылы бағдарлама аясында 120,1 млрд теңгенің 3 870 өтінімі мақұлданып, 4 320 техника сатып алынды. Осылайша техника паркі 5,5% жаңарды, - деп жазылған жауапта.

Ал биыл 138, млрд теңгенің 3 639 өтінімі түсіп, 93,8 млрд теңгенің 2 674 келісімшарты бекітілген.

Ресми дерек бойынша, Ауыл шаруашылығы өнімдері арасындағы өзара сауда көрсеткіші 59% артқан.