Министрдің айтуынша, елімізде ішкі туризм де айтарлықтай өскен. Ербол Мырзабосыновтың дерегінше, 10 млн-нан астам қазақстандық ел бойынша белсенді саяхаттаған.
Ведомство басшысы соңғы жылдары Қазақстан шетелдік туристер үшін анағұрлым ашық елге айналғанын атап өтті. Бүгінде 87 елдің азаматы Қазақстанға визасыз, тағы 107 елдің азаматы электронды визамен кіре алады. Әуе қатынасы кеңейіп келеді. «Ашық аспан» саясатының арқасында өткен жылы 22 жаңа маршрут іске қосылды. Биыл тағы 32 маршрут жоспарланып отыр.
Айта кетейік, бүгін Олжас Бектенов туристерге келген сәттен бастап, кеткенге дейін қолайлы жағдай жасауды тапсырған болатын.