— 2025 жылы республикалық бюджетке акциялардың мемлекеттік пакетіне 164,7 млрд теңге, заңды тұлғаларға қатысу үлесіне 17,4 млрд теңге, сондай-ақ республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың таза табысының бір бөлігіне 11,1 млрд теңге мөлшерінде дивидендтер түсімі қамтамасыз етілді, — деді ҚМ Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің төрағасы Нұрмахан Әділбеков Орталық коммуникациялар қызметі алаңында.
Оның айтуынша, қазіргі таңда Комитеттің қарамағында 134 акционерлік қоғам, мемлекет қатысатын 37 жауапкершілігі шектеулі серіктестік және 168 республикалық мемлекеттік кәсіпорын бар.
Сонымен қатар Нұрмахан Әділбеков 2025 жылы мүліктік жалдауға (жалға алуға) республикалық тұрғын емес қордың 1638 объектісі мен 107 бірлік жабдық берілгенін айтты. Соның нәтижесінде республикалық бюджетке 2,7 млрд теңге көлемінде қаражат түскен.
Бұған дейін былтыр бюджет кірісіне теріс әсер еткен салалар жайлы жазған едік.