Статистика агенттігінің мәліметінше, газ өндіру көлемінің кемуіне байланысты Өзбекстан импортты ұлғайтты. Мәселен, былтыр шет елдерден көгілдір отынды сатып алуға ресми Ташкент 1,6 млрд доллардан астам қаражат бағыттады. Бұл 2023 жылмен салыстырғанда 2 есе көп.
Сонымен қатар, Өзбекстан көрсеткіштердің төмендеуіне қарамастан, газ экспортын 18,4%-ға арттырды, тиісінше оның көлемі 627,7 млн долларға жетті.
Көгілдір отын өндірісін ұлғайту мақсатында аталған ел үкіметі биыл 15 учаскеде геологиялық барлау жүргізбек.
Еске сала кетейік, былтыр газ бен электр энергиясын заңсыз пайдаланған өзбекстандықтар мемлекетке $108 млн шығын келтірді.