«Газпромның» жылдық есебіне сәйкес, 2024 жылы өзбек тарапы 5,64 млрд текше метр көгілдір отын импорттаса, былтыр бұл көрсеткіш 15%-ға артып, 6,48 млрд текше метрге жетті.
Аталған ресурс Қазақстан аумағымен өтетін «Орта Азия – Орталық» магистральдық газ құбыры арқылы жеткізілген. Таяуда «Газпром» өкілдері 2025 жылы Қазақстан, Өзбекстан және Қырғызстанға газ экспорты 22,2%-ға, ал Грузияға 40,4%-ға артқанын мәлімдеп еді.
Еске салайық, жақында Өзбекстанда газ бағасын негізсіз көтерген компанияларға қатысты іс қозғалды.
Сондай-ақ, былтыр Өзбекстан Қытайға 773 млн доллардың газын экспорттады.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, биыл Өзбекстанда сұйытылған газ қымбаттады.