Жоғарғы соттың баспасөз қызметінен мәлім еткендей, былтыр Қылмыстық кодекстің 131-бабы (Жеңгетайлық немесе притондарды ұйымдастыру) бойынша 2 201 адамға қатысты үкім шықты. Оларға айыппұл салу, түзету және міндетті қоғамдық жұмыстарға тарту, бас бостандығын шектеу және бас бостандығынан айыру жазалары тағайындалды.
Қылмыстың көбі Ферғана, Ташкент, Әндіжан, Самарқанд және Наманган облыстарында тіркелген.
Еске салайық, былтыр Өзбекстанда жемқорлыққа барған 252 әкімдік қызметкері қылмыстық жауапқа тартылды.
Мұнымен бірге, 2025 жылы Өзбекстанда 5 мыңнан астам сыбайлас жемқорлық қылмысы тіркелді.
Сонымен қатар 2026 жылдың алғашқы екі айында Өзбекстанның құқық қорғау органдары 8 зертхананы анықтап, 375 келі есірткі тәркіледі.