БҰҰ Бас Ассамблеясы бекіткен бұл күн спорттағы адалдық, достық пен ашықтық қағидаттарын насихаттайды. Бұл бастама 2013 жылы Panathlon ұйымының іс-шараларынан бастау алып, Fair Play халықаралық қозғалысының қолдауымен кең тарады.
Былтырғы қаңтар-желтоқсан айлары аралығында Қазақстанда спорт, демалыс және ойын-сауық саласында көрсетілген қызметтердің жалпы көлемі 878,1 млрд теңгені құрады. Бұл 2024 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 21,3% артық.
Салалар бойынша бөлінісі мынадай:
Спорт саласындағы өзге қызмет түрлері — 159,4 млрд теңге;
Фитнес-клубтардың қызметі — 79,7 млрд теңге;
Спорт клубтарының қызметі — 67,3 млрд теңге;
Спорт нысандарын пайдалану — 46,7 млрд теңге;
Ойын-сауық саябақтарының қызметі — 34,0 млрд теңге.
Ең үлкен үлес — 55,3%, яғни 485 млрд теңге, демалыс пен ойын-сауықты ұйымдастыруға қатысты өзге қызмет түрлеріне тиесілі.
Аймақтар бойынша ең көп қызмет көлемі Алматы қаласында тіркелді — 379,8 млрд теңге, кейін Астана қаласы — 135,5 млрд теңге және Алматы облысы — 38,7 млрд теңге.
Бұған дейін стат бюро 2026 жылғы бірінші тоқсанда Қазақстанда Халықаралық еңбек ұйымының әдістемесі бойынша жұмыссыздық деңгейі 4,5% болғанын хабарлады.