«Азаматтардың арыз-шағымдарын талдау барысы сумен жабдықтау ең өзекті мәселелердің бірі болып табылатынын көрсетіп отыр. 2023-ші жылдың басынан бері тек мемлекеттік органдардың өзіне тұрғындардан 43,5 мыңға жуық ресми өтініш келіп түскен. Көпшілігі әбден тозығы жеткен желілердің жиі істен шығатынына шағымданады», - деді Премьер-министр.
Үкімет басшысы келешекте мұндай жағдайларға жол бермеу үшін тозу деңгейі 70%-дан асып кеткен желілерді ауыстыру жобаларын басым тәртіппен әзірлеу қажеттігін атап өтті.