Бин Ладеннің ФББ (ФБР) тізіміндегі орнын порнография жасаушы иеленді

АСТАНА. 12 сәуір. ҚазАқпарат - Кезінде «Әл-Каиданың» бұрынғы басшысы Осама бин Ладен бастап тұрған Федералдық барлау бюросы жасаған ең күшті іздестірілетін қылмыскерлер тізімін қазір балалар порнографиясын жасаумен және сақтаумен айналысты

деген күдіктегі американдық мұғалім Эрик Джастин Тот бастап келеді, деп хабарлайды Лента.ру. Оның аты тізімге 10 сәуірде енгізіліпті.

Күдіктіні тұтқындауға көмектесетін кез келген ақпарат берушіге ФББ 100 мың доллар береді.

ФББ хабарламасында 2008 жылы Тотқа тиесілі бейнекамерада балалардың қатысуымен болған порножазба әшкереленіп, сол жылы ол қолға түспей, ізін жасырып кеткен болатын. Сондай-ақ, Тот Мэрилендте балалар порнографиясын жасаумен айналысты деген күдікпен де іздестірілуде. Ал 2008 жылы ол Вирджинияда, Иллинойста, Индианада, Висконсинде және Миннесоттада болып, 2009 жылы Аризонада тұрған.

Бин Ладен 2011 жылы 2 мамыр күні түнде Абботтабад қаласында жүргізілген рейд барысында американдық әскерилердің қолынан қаза тапқан болатын.

The New York Times газетінде жазылғандай, ФББ ең қауіпті қылмыскерлердің тізімін жасаумен 1930 жылдан бері айналысады. Олардың ойынша, күдіктінің суреті мен деректерін жан-жақты жариялау іздеу жұмыстарына көмектеседі.  1950 жылдан бері ведомство ең күшті іздестірілетін 10 адамның тізімін жасаған. Содан бері осы тізімде тұрған 494 адамның 464-і табылған көрінеді.