Компания жүйеде толық есепке алынған активтер туралы жаңартылған ақпарат беретін резервтер туралы есеп (Proof of Reserves) жариялады.
Шығындарды жабу үшін Binance өз қаражатынан 6,34 миллиард доллардан астам қаржы бөлді. Сонымен қатар, биржа зардап шеккен токендерді нарықтық және биржадан тыс арналар арқылы сатып ала бастады.
Бұл процесс ішінара Binance Futures сақтандыру қорының бір бөлігі болып табылатын Пайдаланушыларға арналған қауіпсіз активтер қоры (SAFU) және өзінің корпоративтік қорлары арқылы қаржыландырылды.
— Қауіпсіздік басты басымдық болып қала береді және компания өзінің қауіпсіздік инфрақұрылымына қомақты инвестиция салуды жалғастырады, платформасын үнемі жетілдіріп отырады, — делінген Binance мәлімдемесінде.
Еске сала кетейік, Binance 29 қазанда хакерлік шабуылға ұшыраған болатын.