Binance криптовалюта биржасы Ресейден кетеді

Фото: freepik.com

Binance криптовалюта биржасы Ресейден кетеді, ал оны CommEX компаниясы сатып алады. ҚазАқпарат бұл туралы ТАСС агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Қазіргі қолданушыларды жоспарлы түрде біртіндеп басқа платформаға ауыстыруға бір жылдай уақыт керек. Ресей қолданушыларының активтері қауіпсіз сақталған әрі қорғалған», - делінген хабарламада.

Компанияның айтуынша, Binance пен CommEX біртіндеп және ұйымдасқан пайдаланушылар миграциясы аясында олардың активтерін жаңа платформаға ауыстырады. Деректері тексерістен өткен жаңа қолданушыларды ішінара CommEX платформасына жіберіп отырады.

Содан кейінгі айларда Binance биржа қызметтері мен Ресейдегі басқа да бағыттарын жабады және қолданушыларды жаңа платформаға ауыстыру кезінде үнемі өзара әрекеттесіп тұру үшін бар күшін салады.

«Келісімнің қаржы деректері құпия болғанына қарамастан, осы келісім аясында Binance Ресейдегі қызметін толықтай тоқтатады», - деп атап өтті компания өкілдері.

Олар келісім аясында "Binance-та бизнестегі үлесін қайта сатып алу және сатқаннан кейін табыстың бір бөлігін алу мүмкіндігі болмайды" деп толықтырды.