«Биология пәнінің үздік оқытушысы» ? Павлодар жоғары оқу орындары жас ғалымдарының конкурсы

None
ПАВЛОДАР. Қаңтардың 31-і. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ – «Биология пәнінің үздік оқытушысы» өңірлік кәсіби шеберлік конкурсы алғаш рет Павлодарда өтті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Оған қала жоғары оқу орындарының жас ғалымдары қатысты.Инновациялық еуразиялық университеттің биология кафедрасы сайысты үш турда өткізді. Шығармашылық есепте қатысушылар жарияланған еңбектерін, сертификаттарын және оқу-әдістемелік әзірленімдерін ұсынды. Биологиядан теориялық және практикалық тапсырмаларды келесі кезеңде орындады. Үшінші кезеңдегі сынақ оқытушылардың «бөтен» жоғары оқу орындарында өткізген сабақтары болды.Ұйымдастырушылар жоғары оқу орындарында әріптестерімен жұмыс тәжірибелерін бөлісе алатын көптеген талантты оқытушылар бар деп санайды. Конкурс ? жас мамандардың біліктіліктерін арттырудың белсенді әдісі.