Биологтар әлемдегі ең суық уды тапты

АСТАНА. Тамыздың 5-і. ҚазАқпарат - Жуырда Мельбурн университетінің (University of Melbourne) ғалымдары мен олардың норвегиялық және германиялық әріптестері Антарктикадан сегізаяқтардың бірнеше жаңа түрін ұстай алды, деп хабарлайды Rambler.

Экспедиция барысында зерттеушілер жануарлардың денелерінен әлемдегі ең суық уды тапты. Антарктикалық сегізаяқтардың уы қатып қалу нүктесіне жақын температурада да өзінің улы қасиетін жоғалтпайтын көрінеді.