Биоотын ауыл шаруашылығы өндірісінің тиімділігін арттыра түседі - А. Евниев

әуірдің 23-і. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Биоотын өндірісін пайдалану ауыл шаруашылығы өндірісінің тиімділігін арттыра түседі.

Бүгін ҚР Парламенті Сенаты Аграрлық мәселелер және қоршаған ортаны қорғау комитетінде «Биоотын өндірісі және айналымын мемлекеттік реттеу туралы» заң жобасын талқылау барысынды Ауыл шаруашылығы вице-министрі Арман Евниев осылай мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Елімізде биоотын өндірісі ауыл шаруашылығы өндірісінің жаңа технологиялық деңгейге шығаруға мүмкіндік беретін, оның тиімділігін төрт есе арттыруды және қосылған құны жоғары өнімдер экспортын көбейтуді қамтамасыз ететін жаңа бағыт болып табылады. Сондықтан, тәуекелдерді барынша азайту мақсатындағы көзқарасты қамтамасыз ету мақсатында саланың дамуын мемлекеттік реттеу шараларын заңнамалық қамтамасыз етудің маңызы зор. Осы міндеттерді шешу, сондай-ақ биоотынның өндірісі және айналымы кезінде пайда болатын құқықтық, экономикалық шарттарды анықтау үшін осы құжат әзірленіп отыр», деді А. Евниев.

Вице-миниситрдің айтуынша, заң жобасындағы мемлекеттік реттеу барысында ластағыш заттардың ауаға таралу деңгейін азайту, қосымша құны жоғары тауарларды өндіру мен экспорттау көлемін арттыру шараларына баса назар аударылады. Бұдан бөлек, ғылыми зерттеулер жүргізуді қолдау мәселелері, биоотын өндірісі мен айналымына озық технологияларды енгізу қарастырылады.