Естеріңізге сала кетейік, құжат биоотын өндірісі кезінде мемлекеттің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, атмосфераға ластаушы заттардың шығарылу деңгейін азайту жолымен қоршаған ортаны қорғауға бағытталған. Сонымен қатар заң биоотын өндірісін дамыту саласында ғылыми зерттеулер жүргізуді қолдауға және биоотын өндірісі саласына жаңа технологиялар енгізуді көздейді. Бұған қоса құжат бойынша Үкіметке биоотын өндірісі бойынша өндірістік қуаттардың шекті көлемін айқындауға мүмкіндік беретін нормалар енгізіледі. Құжат қабылданған жағдайда ол әлеуметтік және экономикалық салаға кері әсерін тигізбейді және биоотын өндірісі кезінде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттеп, отын ресурстарының экологиялық таза көздерін ұтымды пайдалану үшін қажетті құқықтық, экономикалық, ұйымдастырушылық жағдайлар жасайды.
Парламент қабылдаған заң Елбасының қол қоюына жіберіледі.