Оқиға жәбірленушінің гаражында болған. Куәгерлердің айтуынша, 4 адам гаражға кірген көлік жүргізушісін соққыға жығып, бізбен жаралаған. Алайда, ол бұзақылардан қашып үлгерді. Мұны YouTube желісінде жарияланған бейнежазбадан көруге болады.
Ал облыстық ІІД баспасөз хатшысы Ирина Беженарьдің айтуынша, оқиғаның мән-жайы тексеріліп жатыр.