«Су кодексіне сәйкес, мемлекет аса маңызды топтық және жергілікті сумен жабдықтау жүйелерінен ауыз су беру қызметтерінің құнын ішінара субсидиялайды. Демек, жергілікті атқарушы органдар өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына және тарифтерге байланысты 1 текше метр ауыз су үшін төлем мөлшерін және тариф пен төлем мөлшері арасындағы айырмашылықты мемлекет есебінен субсидиялайды», - деді ҚР ИИДМ Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының орынбасары Әзімбек Пазылбекұлы Орталық коммуникациялар қызметінде.
Бұл ретте, су ресурстарына ұқыпты қарау мақсатында ауыз суды есепке алу аспабы болған кезде бір адамға тәулігіне 140 литрге дейін субсидиялау бойынша нормативтік шектеу белгіленді.
Осы нормадан асып кеткен жағдайда халық сумен жабдықтау қызметтеріне толық тариф бойынша ақы төлейді.
Бұған дейін спикер елде су тұтыну мәдениеті қалыптаспағанын, Қазақстан Еуропа елдерімен салыстырғанда 3 есе көп су жұмсайтынын айтқан еді.