ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында жоғалған ер адамның денесі өзеннен табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
БҚО Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, оқиға Қазталов ауданы Жалпақтал ауылында болды.
Жедел құтқару жасағы (3 қызметкер, 1 жүзу құралы, 1 техника) 30 қараша күні сағат 18.16-дан бастап 46 жастағы ер адамды Қараөзеннен іздестіру жұмыстарын жүргізді.
Ол 25 қарашада үйінен белгісіз бағытта шығып кетіп, содан оралмаған.
Сағат 19.05-те аталған ер адамның денесі табылып, судан шығарылды.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда ер адамның биіктен құлап, мерт болғанын жазған едік.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).