Бір апта ішінде 100 мың британдық «доңыз тұмауына» шалдықты

АСТАНА.  Шілденің 24-і.  ҚазАқпарат    -  Апта ішінде   Ұлыбританияда «доңыз   тұмауын»    100 мыңға жуық  адам жұқтырды - бұл    осыдан бір апта бұрынғы  көрсекіштен 2 есеге көп.

 Тұмауды  жұқтырудың ең  көп оқиғасы    14 жасқа дейінгі      балалар мен жасөспірімдердің арасында   кездесіп  отыр,  деп хабарлайды  ҚазАқпарат  Би-Би-Си телекомпаниясына  сілтеме  жасап.

 Тағы бір айта кететін   мәселе, Ұлыбританияда  «жедел  байланыс»     қағидасы  бойынша Ұлттық Тұмау  қызметі    жұмысын  бастады. Дәрігердің алдына   бармай-ақ  жағдайын  білуі  үшін   жаңа   қызметтің көмегімен  телефон    немесе  интернет арқылы адамдарға    диагноз қойылады   және   консультациялар беріледі.

 Сайт іске  қосылған  алғашқы екі сағаттың ішінде  оған  кірушілердің    саны  секундына 2600 шақыруға  жеткен,   яғни сағатына 9 мыңдай адам кірген.

 Бүгінгі    ресми мәліметтер  бойынша,  26 британдық  тұмаудан  көз жұмған.      Бірақ, Денсаулық сақтау министрлігінің  атап көрсетуінше,      тұмаудан  көз жұмғандардың  үштен  екісі    H1N1 вирусын жұқтырғанға дейін   сырқат болған,  олар қатерлі ісік  сияқты ауруларға шалдыққан.