Бұл туралы бүгін журналистерге брифинг барысында ІІМ Тіл саясаты және ақпарат департаментінің бастығы Қуанышбек Жұманов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Оның 1408-і қылмыстың ізі суымай ашылған. Қылмысқа қатысы бар деген сезікпен 63 күдікті ұсталды, 59 атыс қаруы тәркіленді. Ал есірткі қылмысына қарсы күрес желісі бойынша 168 қылмыс тіркелген. Соның ішінде есірткі сату фактісі бойынша 54 оқиға анықталды», дейді ол.