Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының инспекторлары құқық қорғау, табиғат қорғау органдарының және ҚР ҰҚК Шекара қызметінің қызметкерлерімен бірлесіп, қолданыстағы заңнаманы бұзудың 101 дерегін анықтады, 80 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Сонымен қатар, 4 іс әкімшілік сот органдарына жолданды. Заңсыз балық аулау дерегі бойынша 4 қылмыстық іс қозғалды. Тәртіп бұзушыларға 1,5 млн. теңге айыппұл салынды.
Заңсыз айналымнан 911 кг балық және 33 аулау құралы, 33 суда жүзу құралы алынды. Өзен арнасы мен теңіз акваториясын күнделікті сүзу жұмыстары нәтижесінде су қоймалары 94 заңсыз балық аулау құралынан тазартылды.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда «Бекіре-2022» балық қорғау акциясы басталған болатын. Шара 31 мамырға дейін жалғасады.