Бір аптада 176 келіден астам есірткі мен уытты заттар тәркіленді
деп хабарлайды ІІД баспасөз қызметі.
Аптада 16 қылмыс пен құқық бұзушылық анықталып, соның 11 дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Есірткімен күрес полицейлерінің күшімен заңсыз айналымнан 187 килә есірткі мен уытты заттар тәркіленді (11 киләдан астам марихуана, 96 килә «фосфид цинк» уытты заты, 80 килә «күкірт қышқылы», 635 гр. «тұз қышқылы»).
Жамбыл облысы ІІД ЕБҚКБ бастығының орынбасары полиция подполковнигі Жеңіс Бегмановтың айтуынша, қыркүйектің 8-інде ҚР ДСМ «Жамбыл оба ауруына қарсы стансасы» ММ тексеру барысында уытты заттарды сақтау ережесін лицензияландыру және квалификациялық талаптарының бұзылуы анықталды. Тәртіп сақшылары 95 келі 800 гр. «фосфид цинк» уытын тәркілеп, жауапты сақтауға өткізді. Биоқауіпсіздікке жауапты лауазымды тұлғаларға қатысты әкімшілік шаралар қолданылуда.
Қыркүйектің 12-сінде Ауданаралық есірткі бизнесімен күрес бөлімшесінің қызметкерлері «Дельта-Долина» жедел алдын алу іс-шарасы барысында Шу ауданы Бірлік ауылындағы аккумулятор цехын тексеру кезінде әрқайсысының мөлшері 10 литр болатын төрт пластмасса құтыны анықтады. Заңсыз сақталған «күкірт қышқылды» прекурсордың жалпы салмағы 72 киләні құрайды. Ауыл тұрғыны прекурсорды қауіпсіз орында сақтамай, оны рұқсатсыз пайдаланған. Осы дерек бойынша тергеу жүргізілуде.
«ІІД ЕБҚКБ бөлімшесімен аймақта заңсыз айналымда болған прекурсорды, уытты заттарды әрдайым бақылап, арнайы іс-шаралар жүргізеді, олардың заңсыз айналымға түсуіне тосқауыл қойылады. Біз жыл басынан бері 108 киләдан астам прекурсорды, 96 киләдай «фосфид цинк» уытын тәркіледік», - деді полиция подполковнигі Ж.Бегманов.