Бір аптада 2 800 қылмыс тіркелген, оның жартысынан көбі тәулік ішінде ашылды

Фото:
АСТАНА. ҚазАқпарат – Өткен аптада еліміздің аумағында 2 800 қылмыс тіркелген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ішкі істер министрлігінде өткен брифингі барысында ведомствоның өкілі Шұғыла Тұрлыбек өткен апта ішінде жасалған қылмыстар туралы баяндады.

«Бір апта ішінде 2 800 қылмыс жасалды. Оның 1 678-і тәулік ішінде ашылды. Полиция қызметкерлері ізін суытпай 8 кісі өлтіруді, 4 өлімге әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіруді, 1 қарақшылық, 40 тонау және 399 бөтен мүлікті ұрлау қылмыстарын ашты», - деп тоқталды министрліктің өкілі Шұғыла Тұрлыбек.

Еске сала кетейік, алдыңғы аптадағы криминогендік ахуал бойынша ел аумағында 2 705 қылмыс тіркелген болатын. Оның ішінде 1 620 қылмыс тәулік ішінде ізін суытпай ашылды.