Бір аптада 2 мың қылмыс ізі суымай ашылды

АСТАНА. 18 сәуір. ҚазАқпарат - Бір апта ішінде 4072 қылмыс тіркеліп, ізі суымай 2049 қылмыстың беті ашылды.

Бұл жайында Астанада өткен брифингте аталған ведомствоның ресми өкілі Нұрділдә Ораз мәлім етті.

 Сонымен қатар, бұрын жасалған 743 қылмыс, оның ішінде 164 өткен жылдардағы қылмыстар ашылды. 85 қылмыскер іздестіріліп, табылды, сондай-ақ 10 қару тәркіленді.  68 есірткі қылмысы, оның ішінде есірткі сатудың 31 фактісі анықталды. 22,5 келіден астам есірткі заты тәркіленді.