Бір аптада Нұр-Сұлтандағы КВИ жұқтыру 17%-ға артты
«Нұр-Сұлтан қаласындағы CОVІD-19 індеті бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақсыз болып қалуда, қала бір айдан астам уақыт бойы «қызыл аймақта» тұр. Күніне 350-ден 650-ге дейін жағдай тіркеледі. Соңғы аптадағы сырқаттанушылық көрсеткіші алдыңғы аптадан 17%-ға жоғары, 100 мың тұрғынға шаққандағы қарқынды көрсеткіш-326,2 құрады. Репродуктивті саны-1,07», - деді С. Бейсенова елорда әкімдігінде өткен брифингіде.
Жыл басынан бері қала бойынша ауырғандар саны 21 мыңнан асты, ал жалпы пандемия басталғалы – 40 169 жағдай тіркелді (оның ішінде 26 130 – симптомы бар және 14 039-симптомсыз).
«Биылғы сәуір айындағы COVID-19 сырқаттанушылық көрсеткіші наурыз айындағы сырқаттану деңгейінен 50%-ға, қаңтар-ақпан айларынан 37,8%-ға асады», - деді спикер.