Бір аптаның ішінде 2 мыңнан астам қылмыс «ізі суымай» ашылды - ІІМ

АСТАНА. 11 сәуір. ҚазАқпарат - Бір апта ішінде 3 983 қылмыс жасалды, оның 2 065-інің беті «ізі суымай» ашылды.

Бұл туралы бүгін Астанада өткен апталық брифингте Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз мәлім етті.

Оның сөзіне қарағанда, бұрын жасалған 765 қылмыс, соның ішінде 162-сі өткен жылдардағы қылмыстар ашылды.

«74 қылмыскер іздестіріліп, табылды. 14 қару тәркіленді», - деді ресми өкіл.

Атап айтқанда,  44 есірткі қылмысы, оның  30-ы есірткі сатудың фактісі бойынша анықталды. Бір жарым келі есірткі құралы, оның ішінде жарты келіден астам героин тәркіленді.