Бір ауданда 12 жүргізуші мас күйінде көлік айдаған

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Теректі аудандық соты биылғы жыл басынан бері көлікті мас күйінде айдаған 12 жүргізушіні ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық кодексі 608-бабы 1-бөліміне сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

БҚО сотының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, олардың айыпты екендігі іс материалдарымен, соның ішінде медициналық қорытындымен дәлелденген.

Он екі жүргізушінің бәрі де 3 жылға көлік құралын басқару құқығынан айырылды.