Өткен жылдың қараша мен желтоқсан айларында қала су тасқынынан зардап шекті. Венецияның 70% аумағы су астында қалды. Бірақ 2020 жылдың қаңтарының ортасында қайықтар канал түбіндегі қайраңдарға жайғасты.
Бұған себеп – судың деңгейі өте төмен.
Венеция 118 шағын аралда орналасқан. Оларды су арналарындағы көпірлер жалғап жатыр. Қала каналдары – туристер көп келетін негізгі көрнекті жерлердің бірі.
фото:mir-vpechatleniy.ru