Ведомствоның мәліметінше, 3 наурыз күні Бұланды аудандық полиция бөліміне 65 жастағы жергілікті тұрғын хабарласқан. Ер адамның сөзінше, әйелімен ажырасқан 43 жастағы ұлы ата-анасымен бірге тұрған. Алайда, 4 ақпан жұмысқа кеткен ұлы үйіне сол күйі оралмаған.
«Ер адам туыстарының телефон қоңырауларына жауап бермегендіктен кешенді іздестіру шаралары қолға алынды. Ол тұратын үйдің маңындағы аулалар түгел тексерілді, көруі мүмкін куәгерлер мен таныстары сұрастырылып, баруы мүмкін жерлерге шолу жасалды», - дейді ведомстводан.
Іздестіру шарасы нәтижесінде ер адам танысының үйінен табылды. Осыған орай, тәртіп сақшылары азаматтарға ұзақ уақытқа үйден кеткенде жақын туыстары мен таныстарына ескертіп отыруға кеңес береді. Ал жақындары жоғалған жағдайда 102 телефон нөміріне хабарласуға болатынын айтады.