Бір азамат лифт шахтасына құлап, ажал құшты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мәскеудің солтүстігінде ер адам лифт шахтасына құлап, қаза тапты. Бұл туралы Ресей астанасы құқық қорғау органының өкілі хабарлады, деп жазады жергілікті БАҚ.

Тәртіп сақшысының айтуынша, сенбіге қараған түні Хорошевск шоссесіндегі 38 үйде ер адам кабинасыз лифт есігі ашылған кезде құлап кеткен. Шұғыл жеткен құтқарушылар ауыр жарақаттанған азаматты «жедел жәрдемге» тапсырған. Ол ауруханаға барар жолда көз жұмды. Оқиғаның себебі тексеріліп жатыр.