АСТАНА. 12 маусым. ҚазАқпарат - Өзіңнің жеке аралың болғаннан тартымды еш нәрсе жоқ, бұл кішігірім жекеменшік патшалығың іспетті.
Көптеген жұлдыздар осындай жекеменшік аралдарға ие, себебі бұл олардың қоғамдағы беделін көрсетеді.
1. Марлон Брандо - Тетиароа, Француздық Полинезия, Таити аралы. Марлон Брандо Тетиароға фильмді түсіруге қолайлы жер іздеп жүрген кезде, 1960 жылы тап болды. Тетиароның жалппы аумағы 2,3 шақырым миль (6 шаршы шақырым).
2. Николас Кейдж - Багам аралдарындағы Листа жарлауыты. 2006 жылы Николас Кейдж Бағамдағы бұл аралды 3 миллион долларға сатып алған. Бұған дейін актерға тамаша аралдардың біріндегі зәулім үй тиесілі болған. Листа жарлауыты - тропикалық пальмалары, құмды жағажайлары мен суы тұщы су айдындары бар аралдардың бірі. Аумағы - 40 акр.
3. Джонни Депп - Багам аралдарындағы Little Halls Pond Cay аралы. 45 акр аралдың ұзақтығы 1 миль. Багамның оңтүстігіндегі Эксума архипелагының бір бөлігі болып табылатын жекеменшік арал. Оның құны 3,6 миллион доллар.
4. Леонардо Ди Каприо - Белиздегі Blackadore жарлауыты. Леонардо Ди Каприо қашықтығы 2,2 миль болатын бұл аралды 2005 жылы 1,75 млн. долларға сатып алды. Ақ құмды жағажайы бар әдемі арал танымал Барьерлік кораллды жарлауыттың маңында орналасқан.
5. Селин Дион - Île Gagnon, Quebec. Әншінің аралы Канаданың Квебек провинциясында орналасқан. Осындай сондай-ақ француздық үлгіде алып қамал салынған.
6. Мел Гибсон - Фиджидегі Манго аралы. Австралиялық Мел Гибсон фиджий аралдарының иелері тізіміне 2005 жылы 15 млн.-ға жуық долларға Манго аралын сатып алғаннан кейін енгізілді. Аралдың аумағы 5,400 акрды құрайды. Бұл жекеменшік аралдардың ең үлкені болып табылады.
7. Рики Мартин, Бразилиядағы Ангра-дус-Рейса аралы. Әнші аралды 2008 жылы 8 млн. долларға сатып алды.
8. Михаэль Шумахер - Дубайдағы жасанды арал. Құны 7 млн. доллар тұратын аралды Михаэль Шумахерге Дубай ханзадасы, шейх Мохаммед бин Рашид Аль Мактум сыйға тарту еткен.
9. Робин Уильямс - Британ Колумбиясының Pender айлағындағы арал. Сансыз комедиялар мен драмалардың жұлдызы Робин Уильямс аралды Канада, Британ Колумбиясы Pender айлағынан сатып алған.
10. Шакира - Багамдағы Bonds Cay аралы. 700 акр аумақты құрайтын алып аралдың құны 16 млн. АҚШ доллар.
11. Эдди Мерфи, Багамдағы Қораз жарлауыты. Қаламақысы ең жоғары актерлардың бірі Эдди Мерфи Багамдағы бұл шағын аралды 2007 жылы 15 млн. долларға сатып алды.
12. Дэвид Копперфилд, Багамдағы Муш жарлауыты. Сыйқыршы Дэвид Копперфилдке Багамның оңтүстігіндегі құны 50 млн. доллар болатын төрт арал тиесілі. Муш жарлауытының аумағы 150 акр, актер онда жекеменшік курорт ашты. Ол аралды аптасына 325, 000 долларға жалға береді.