Бұл туралы ВВС Орыс қызметі хабарлады.
О'Фаррелл 2011 жылы өзінің атынан жазылған жазба хатының тергеу органдарының қолына түскендігін білгеннен кейін осындай шешім қабылдаған. Ол жазбада бағасы 2,8 мың доллар тұратын бір бөтелке шарапқа байланысты ризашылығын білдірген. Саясаткердің айтуынша, мұндай сыйлық алғандығы есінде қалмаған.
Елдің Премьер-Министрі Тони Эббот: «О'Фаррелдің отставкасы осындай деңгейдегі австралиялық саясаттағы аса сирек кездесетін адалдықтың үлгісі», - деп мәлімдеді.