10:20, 17 Сәуір 2009
«Бір ел ? бір кітап» акциясы аясында Мағжан Жұмабаевтың әдеби мұрасы оқырмандарға жан-жақты таныстырылады
АСТАНА. Сәуірдің 17-сі. ҚазАқпарат /Айдын Бәймен/ - Сәуірдің 23-і күні Қазақстан Республикасы Ұлттық академиялық кітапханасында «Бір ел – бір кітап» акциясының жалпыұлттық сипаты» атты дөңгелек үстел өтеді.
Ол басқосуда Мағжан Жұмабаевтың әдеби мұрасы жөніндегі ойлар ортаға салынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.Жыл сайын өтетін дәстүрлі «Бір ел ? бір кітап» акциясын ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы биыл үшінші рет өткізбекші. 2007 жылы жаппай оқитын кітап ретінде Абайдың «Қара сөздері» көпшіліктің назарына ұсынылса, 2008 жылы Мұхтар Әуезовтің «Қилы заманы» таңдалды. Ал биылғы жалпыхалықтық оқуға алдын-ала жүргізілген зерттеулердің қорытындысы бойынша Мағжан Жұмабаевтың лирикасы таңдап алынды.«Бір ел ? бір кітап» акциясының негізгі мақсаты ? оқу ісін ілгерілету, оқу мәдениеті мен сауаттылықты қалыптастыру, сондай-ақ жастарды отаншылдыққа әрі өнегелілікке тәрбиелеу. Жыл сайынғы сараптау акцияны өткізуге қоғамымыздың қызығушылығы өсе түскендігін байқатып отыр. Ендігі мақсат ? «Бір ел ? бір кітап» акциясын өзіне лайықты жалпыхалықтық, ұлттық деңгейге көтеру, осы арқылы оқырмандардың рухани көкжиегін кеңейту.