Осы орайда Қызылорда қалалық орталықтандырылған кітапханасында аталмыш шара барысында бірқатар іс-шаралар өткізілді. Соның бірі №4 кітапханада «Қалқып шықтым түнектен күн көзіне» атты әдеби оқу шарасы болып өтті. Онда кітапхана оқырмандары ақынның өлеңдерін, поэмаларын оқыды. Бұдан бөлек «Мен қазақпын мың өліп, мың тірілген» әдеби оқу, «Мен қазақпын, биікпін, байтақ елмін» елжандылық сабағы, «Жүректен ғажайып бір жыр ағытып» библиографиялық шолу өткізіліп, кітап көрмелері ұйымдастырылды.