Бүгін бұл туралы Астанада ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында өткен баспасөз мәслихатында мәлімделді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Өткен ғасырдың 70-ші жылдары жарық көрген туынды қазақ ұлтының өзі туралы поэмалық жариялауы болды. ҚазКСРО және КСРО мемлекеттік сыйлықтарының иегері Ж. Молдағалиевтің «Мен қазақпын» поэмасы бүгінгі күні де өзінің өзектілігін жоғалтпай, халықтың рухын асқақтатып тұр, дейді ұйымдастырушылар.
Акцияны өткізетін негізгі орталық - кітапханалар. Осы жоғарыда аталған «Бір ел-бір кітап» акциясына орай, барлық кітапханалар мен оқу орындарында, мектептерде кітап көрмелері, әдеби кештер, зерттеушілер мен әдебиеттанушылармен кездесулер ұйымдастырылып, осы шығарманы насихаттау бойынша кітап оқушылар конференциясы, ашық сабақтар өтеді.
Кітапхананың ғылыми-сараптамалық орталығының қызметкері Алла Вангиватованың айтуынша, акцияның негізінде Қазақстанда 700-ге тарта іс-шара ұйымдастыру белгіленген.
«Үш жыл қатарынан өткізіліп келе жатқан шара оқырмандар арасында үлкен танымалдылыққа ие болды. Бұл әдіс - ұлттық әдебиетті насихаттаудың ең тиімді жолы екендігіне көзіміз жетті», деп атап көрсетті А. Вангиватова.
Акцияны қолдағандардың ішінде Фариза Оңғарсынова, Әкім Тарази және Мұрат Әуезов сынды ақын-жазушылар бар.