«Бабаларымыз мираc еткен ұлан-байтақ даламыз қаншалықты кең болса да, Қазақстанда ұлы мұхитқа шығатын жол болған емес. Бұл бізге белгілі бір қиындықтар туғызатын еді. Теміржол атаулы Қазақстанның байлығын тасу үшін тек қана бір бағытқа - солтүстікке қарай салынған болатын. Ал тәуелсіздік жылдары біз жалпы ұзындығы 2500 шақырым теміржол салып, еліміздің барлық облыстарын бір-бірімен байланыстырдық. Нәтижесінде Қазақстанның шойын жолдары Қытай арқылы Тынық мұхитқа шықты, Түркімен арқылы, Парсы шығанағы арқылы Үнді мұхитына шықтық, Ресей арқылы батыс Еуропаға, одан әрі Атлант мұхитына жететін болдық. Бұған қосымша «Батыс Қытай-Батыс Еуропа» Еуразиялық автомагистралін пайдалануға беруге дайынбыз. Осылайша Қазақстан үш мұхитқа бірдей ашылды», - деді Н. Назарбаев.
Бұдан бөлек, Елбасы «Нұрлы жол» бағдарламасымен елімізде жаңа 7 мың шақырымнан астам автокөлік жолдары салынатынын, барлық өңірлерге байланыс 2-3 есеге артатынын жеткізді.
«ХХІ ғасырдың нағыз Жібек жолы деп осыны айтуымыз керек», - деді Н. Назарбаев.