НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Халықаралық футбол ассоциациясы кеңесі (IFAB) кездесу барысында бес ойыншыны ауыстыру ережесі тұрақты негізде қабылданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Айта кетсек, бұл ереже 2020 жылы мамырда пандемия жағдайына байланысты қабылданған еді. Осыдан кейін командалар ойын барысында бес ойыншыны алмастыруға мүмкіндік алды. Оған дейін кездесуде небәрі үш футболшы ғана алмасатын.
Жаңа ереже бойынша командалар бес ойыншыны үш мәрте ғана ауыстыра алады. Сондықтан бір сәтте бапкерлер бірден 2-3 футболшыны жасыл алаңға шығарады.
«Бұл шешім әлемнің футбол қауымдастығы тарапынан үлкен қолдау тапты. Сондықтан осындай ұйғарым жасалды», - деп жазылған аталған ұйым таратқан хабарламада.
Алғашқыда ол 2022 жылдың аяқ шеніне дейін қолданыста болатынын көрсетілген.
Еске салсақ, футболдан UEFA Ұлттар лигасында Қазақстан Словакияны екінші мәрте жеңді.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.